Бүгін, 17 желтоқсанда, Астана қаласында бадминтоннан ірі халықаралық турнир өз жалауын көтерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарысқа әлемнің 43 елінен келген спортшылар қатысып жатыр.
Жүлделер жекелей, жұптық және аралас разрядтарда сарапқа салынады. Турнир Beeline Arena спорт кешенінде өтуде.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қатысушысы Дмитрий Панарин өнер көрсетіп жатыр.