Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.
Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.