Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Көлік министрлігі ұшақта болған оқиға туралы хабарлады.
"17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында "Эйр Астана" пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды. "Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болып, экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялады", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Ұшақ сағат 07:40-та қонды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.