«Тұрсынбектен ұят болады»: Пластикалық ота жасататынын айтқан Мөлдір Мұқанова сынға қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 05:43 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Желі жұлдызы Мөлдір Мұқанова TikTok парақшасында пластикалық ота жасайтын клиника туралы ақпаратпен бөлісіп, бет-әлпетіне өзгеріс енгізу ойында бар екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, сұлулық процедураларымен айналысатын Бану есімді маманмен жеке таныс. Алайда бұл мәлімдеме желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Көпшілік Мұқанованы пластикалық ота жасатпауға шақырып, түрлі пікір қалдырған. Кейбірі оның табиғи сұлулығын атап өтсе, енді бірі мұндай өзгерістің қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Жасамаңыз, онсыз да әдемісіз», «Табиғи сұлусыз, пластика керек емес», «Алладан артық шебер жоқ», «Мөлдір, сізге бұл не үшін?» деп жазды желі қолданушылары.