Мәскеу әуежайында Boeing ұшағының қозғалтқышы өртенді

16 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында Boeing ұшағының қозғалтқышынан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұшақ Мәскеу уақытымен 7:00-де  Кубадағы Кайо-Коко бағытына ұшуы керек болған.

«Ұшақ жерден көтерілген сәтте оң жақ қозғалтқыш жағынан от ұшқыны шықты. Ұшақ қайта қонды да, шұғыл тоқтауға мәжбүр болды», — делінген хабарламада.

Жолаушылар ұшақ жылдамдығы үдей түскен кезде әуе кемесінде ақау бары байқалғанын айтты.

Адамдарды ұшақтан түсірді. Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келді. Рейс Мәскеу уақытымен 11:00-ге ауыстырылды.

Тэгтер:

Ұшақ Boeing