ҚТЖ ауа райына байланысты жолаушылар үшін қосымша орындар қосты

16 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
ҚТЖ

Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

№7502 «Астана – Павлодар» (Ерейментау станциясынан отырғызу);

№139 «Павлодар – Пресногорьковская» (Ерейментау станциясынан отырғызу);

№6830 «Көкшетау – Астана» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);

№7508 «Көкшетау – Астана Нұрлы жол» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);

№045Ц «Павлодар – Түркістан» (Екібастұз және Шідерті станцияларынан отырғызу).