Қазақстанда іздеуде жүрген 12 адам ұсталды

16 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қазақстанда өткізілген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 12 адам ұсталды.

Ведомствоның Polisia.kz медиа-порталаның жазуынша, 11-13 желтоқсан аралығында көліктегі полиция департаменті өткізген республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталған. 

Көлік полицейлері 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты тіркеген. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде олардың 12-сі "ізін суытпай" ашылған. Сондай-ақ жедел-іздестіру шаралары аясында іздеуде жүрген 12 адам ұсталған. 

Іс-шара кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге ерекше назар аударылған. Нәтижесінде 1245 азамат жауапкершілікке тартылған.

Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қоғамдық орындарда тиісу – 108 факті, алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 96 факті. 

Сонымен қатар түнгі уақытта көлік нысандарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 24 кәмелетке толмаған анықталған. Олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. 

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталып, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.