Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Құрметті отандастар! Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барлық құрлықтарды мекен еткен адамдардың өміріндегі ерекше мәні бар мейрам. Биыл православтар мен католиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түсуде. Біздің елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды. Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі. Бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы – Қазақстанның ерекше мақтанышы. Ежелгі Пасха мейрамы – жаңғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың нышаны. Осының барлығы жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр. Жарқын мерекеде барлық қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, барлық бастамаларына табыс тілеймін!», - делінген президент құттықтауында.