Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Бүгін, 12:26 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды. Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, олар – 7 ұл және 11 қыз, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.