Шымкент – Бангкок бағыты бойынша жаңа әуе бағыты ашылды

16 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
Көлік министрлігі

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгіннен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашуда.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.