Шымкентте жалған лимонад сатқан тұрғын ұсталды

Бүгін, 06:56 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Шымкент әділет департаменті

Шымкентте өнімдердің заңсыз айналымын ауыздықтауға бағытталған әділет пен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен тексеруі барысында белгілі грузин брендімен жасалған контрафактілік сусындардың партиясы тәркіленді.

Әділет департаментінің мәліметінше, қаладағы дүкеннен «Натахтари» сауда белгісімен сатылған 140 дана газдалған сусын анықталған. Тексеру нәтижесінде лимонадтардың ресми өндіруші шығармағаны анықталып, сусын қауіпті деп танылды.

Қалалық Әділет департаментінің басшысы Мұхтар Әбдезовтің айтуынша, авторлық құқық иесі тәркіленген сусындардың жалған екенін растаған.

— Авторлық құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген өнімдер контрафактілік, түпнұсқалық компанияда жасалмаған және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Тергеу нәтижесінде азамат «Р» ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабымен кінәлі деп танылды, — деді Мұхтар Әбдезов.

Сот оған 82 572 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, сот қаулысына сәйкес 84 000 теңгенің контрафактілік өнімдері тәркіленіп, жойылды.

— Бұл жұмыс біздің көлеңкелі нарыққа қарсы жүргізіліп жатқан күресіміздің және авторлық құқық иелерін сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғаудың бір бөлігі. Әділет департаменті зияткерлік меншік заңнамасын бұзғандарға қатысты қатаң шараларды жалғастырады, — деп атап өтті департаментте.

Мамандар тұрғындарды қырағы болуға, өнімді тек сенімді сатушылардан сатып алуға, ал сатушылардан тауардың сапасы мен шыққанын растайтын құжаттарды талап етуге шақырады.