Әнші Тоқын Забирова Бибігүл Төлегенованың шаңырағында болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ұстазымен жолыққан сәтінен сурет жариялап, әлеуметтік желіде жазба қалдырған.
"Әр нотаға жан, әр қадамға мән беруді үйреткен Ұстазым менің - Бибігүл Ахметқызы. Жұлдызды жолдың сыртқы жарқылынан бұрын, оның ішкі жауапкершілігін сезіндірген Анам. Бүгінгі менің сахнадағы әрбір сәтімде Сіздің еңбегіңіз, мейіріміңіз, дұғаңыз бар, Сізге деген алғысым шексіз, құрметім мәңгі", - деп жазды Толқын Забирова.
Бұл жазба желі қолданушыларының көңілінен шыққаны соншалық, олар жүрекке жылы тиетін пікір қалдырған.
"Шығыстың қос шынары, тарихта аңыз болып қалатын талантты қыздар", "Қазақтың мақтаныштары, аман болыңыздар!", "Сіздерді тыңдап өстік қой. Біртүрлі көзіме жас келеді", "Ұстазы мен шәкіртінің арасындағы ұлы махаббат" деп жазды көпшілік.