Диетолог Софья Кованованың айтуынша, жаңа жылдық салаттар мен алкоголь – ең зиянды үйлесім. Жаңа жылдық дастарқанда адамдар түрлі тағамдарды араластырып жейді, деді диетолог, нутрициолог Софья Кованова aif.ru сайтына берген сұхбатында, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маманның сөзінше, денсаулыққа ең зиян комбинация оливье секілді жаңа жылдық салаттар мен алкогольді қатар тұтыну.
«Алкогольді жеміс-жидекпен немесе көкөніс салатымен үйлестірген дұрыс, не болмаса бөлек ішіп, қасына лимон қосылған су ішуге болады», – деді ол.
Сондай-ақ, Кованова егер адам мұндай тағамды ұзақ уақыт бойы тұтынбаған болса, ас қорытуға көмектесетін ферменттер қосуға кеңес берді. Бұдан бөлек, тамақтану арасында кемінде екі сағат үзіліс жасауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл тағамның дұрыс әрі жеңіл сіңуіне көмектеседі.