Астана – Петропавл жолында жантүршігерлік жол апаты болып, 7 адам зардап шекті

15 желтоқсан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана – Петропавл автожолында Honda және Chevrolet Niva көліктері соқтығысып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 желтоқсанда трассаның 292-шақырымында болған.

«ЖКО салдарынан екі жүргізуші, Chevrolet Niva автокөлігіндегі екі кәмелетке толмаған жолаушы және Honda автокөлігіндегі үш жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Тэгтер:

Жол апаты тасжол трасса