Оқу ордасының ғимаратында жыртық ту желбіреп тұр

Оқу ордасының ғимаратында жыртық ту желбіреп тұр

Оқу ордасының ғимаратында жыртық ту желбіреп тұр
ашық дереккөзі

Шымкенттегі танымал жоғары оқу орындарының бірінің ғимаратында жыртық ту желбіреп тұр деп xабарлайды NUR.KZ.

Елімізге танымал мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ғимаратында желбіреп тұрған жыртық ту жұртшылық назарына ілікті. Оқу орнының тура кіреберіс тұсындағы ту алыстан менмұндалап тұр. Мемлекеттік рәміздің шет тұсының жырым-жырым шыққаны кез келгеннің назарына бірден түседі. Бүгін аптаның сенбі әрі кешкі уақыт болғандықтан бұл жайтқа қатысты білім ордасы өкілдерінен қандай да пікір алу мүмкін болмады.