Елімізге танымал әнші Индира Елемес марқұм сазгер Арман Дүйсенов пен күйеуі арасындағы ірі көлемдегі қарыз мәселесі туралы ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, ол екі достың арасындағы қаржылық келісімдерден бейхабар болған.
Бұл туралы әнші алғаш рет маусым айында Арман Дүйсеновтің жесірі Айсұлу ханымнан естіген. Алайда, Индира Елеместің сөзінше, бұл жағдайдың екінші жағы да бар.
«Мен олардың арасында ақшалай алыс-беріс барын білмедім. 67 миллион теңге туралы әңгімені естігенде, жолдасымнан сұрадым. Ол бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тіпті, керісінше, “олардың маған қарызы бар” деп айтты», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жұбайы күйеуінің атынан ірі көлемде қаражат алынғанын айтып, көпшілікке үндеу жасаған болатын.