Ақтау мен Атырауда әуе рейстері кешігіп жатыр

14 желтоқсан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Air Astana

"Air Astana" әуе компаниясы Ақтау және Атырау қалаларына және осы қалалардан ұшатын жолаушыларға шұғыл ақпарат таратты.

"Ақтау және Атыраудан және осы қалаларға ұшатын рейстер ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын істеу мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Компаниядағылар жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейс бойынша өзекті ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қосымшадан қарап алуды ұсынды.