Қар барысына GPS құрылғысы орнатылды

13 желтоқсан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Gov.kz

"Алтынемел" ұлттық табиғи паркінде қар барысына GPS құрылғысы сәтті орнатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдағы уақытта құрылғыны тағы 2 қар барысына орнату жоспарланып отыр.

Мұндай спутниктік қондырғы жануарлардың қозғалысын бақылауға, көші-қон жолдарын зерттеуге және қауіп-қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Қондырғылар экологиялық тұрғыда қауіпсіз.