Қостанай облысында полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 желтоқсанда Троебрат ауылында 75 жастағы Николай Хаврев таңертең балық аулауға кетіп, қайта оралмаған. Балқышының қызы ауыл учаскелік инспекторына хабарласып, көмек сұраған. Арман Райымбеков бұл зейнеткерді бұрын да жоғалып кеткен кездерінен танитын. Қақаған аяз бен үскірік жел іздеуді қиындатса да, инспектор дереу әрекет етіп, жедел жәрдемді шақырып, ауыл тұрғындарымен бірге іздеу жұмыстарына шықты.
Ауыл тұрғындары мен туыстар қатысқан іздеу үш жарым сағатқа созылды.
Мұз үстінде қамыстар арасынан қараңғы бір бейне байқалып, Арман дереу жеткен. Қария ес-түссіз жатқан, аяғы "электронды бақташы" сымына оралған екен. Инспектор оны сымнан босатып, жедел жәрдемге жеткізді.
Ұзынкөл аудандық ауруханасының мәліметінше, егер сәл кешіксе, қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Қазір Николай Хавревдің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.