Алматыда 80 жастағы әже тұрмысқа шықты

12 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі

Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме 2025 жылдың басынан бері тіркелген некелерге қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мекеме ұсынған дерекке сүйенсек, қалада күн сайын орта есеппен 90-ға жуық неке тіркеледі. Қалыңдықтардың орташа жасы – 28, ал күйеу жігіттер – шамамен 31 жаста.

Тіркелген некелер арасында көпшіліктің назарын аудартқан ерекше жағдайлар да кездескен. Солардың бірі – 85 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйелдің некеге тұруы. Сонымен қатар, ата-анасының және уәкілетті органдардың келісімімен 16 жастағы екі жасөспірім де некелерін ресми түрде тіркеген.

Тэгтер:

Алматы ХҚКО