Биржада доллар бағасы 522 теңгеге дейін көтерілді

Бүгін, 17:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 2,16 теңгеге өсіп, 522,38 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 520,02 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 522,73 теңгені, сату – 524,85 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 519,5 теңгеге сатып алынады, 526,5 теңгеге сатылады. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 522,1 теңгеге сатып алып, 524,17 теңгеге сатады.

Еске салайық, 1 желтоқсанда күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,88 теңгеге өсті, 2 желтоқсанда 4,8 теңгеге төмендеді, 3 желтоқсанда 4,07 теңгеге төмендеді, 4 желтоқсанда 3,98 теңгеге төмендеді, 5 желтоқсанда 3,89 теңгеге өсті, 8 желтоқсанда 3,69 теңгеге өсті, 9 желтоқсанда 5,53 теңгеге өсті, 10 желтоқсанда 3,5 теңгеге өсті, 11 желтоқсанда 1,74 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор бағам