Тар киім ағзаға қалай әсер етеді?

15 желтоқсан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Пирогов университетінің сарапшысы Вячеслав Артищев тым тар киімнің денсаулыққа кері әсер ететінін айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 – Тар іш киім несімен зиян?

 – Тым тар төстартқыш теріні тітіркендіреді, қан тамырларын қысады, арқа бұлшық етіне түсетін жүктеме балансын бұзады. Сол себепті уақыт өте келе бұлшық ет жиырылып, қозғалысы шектеледі. Тар іш киім бел мен мықынды ғана қысып қоймайды, сонымен қатар аяқтағы қан айналымын бұзады, аяқ-қолды ұйытып, ісіндіреді.

 – Тар шалбар несімен зиян?

 – Тар шалбар, джинсы ішті қысып, ас қорыту органдарының жұмысын бұзады.

  – Тар аяқ киім мен тар шұлық несімен зиян?

 – Аяқты қысатын тар аяқ киім немесе резеңкелі шұлық табандағы қан айналымын бұзып, ісіндіреді.

Тэгтер:

денсаулық ағза аяқ киім киім тар киім іш киім