Астанада такси жүргізушісі жолаушының пәтерін тонап кеткен

Бүгін, 12:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада полицейлер 40 жастағы такси жүргізушісін ұрлық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам мас күйінде жүріп, сапар аяқталғаннан кейін жолаушының күртесін жасырын түрде иемденген. Күртенің қалтасынан ол пәтер кілтін тауып, келесі күні иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге заңсыз кірген.

Пәтерден Samsung ноутбугын және «Алиса» смарт-бағанасын ұрлап, кейін оларды сатып жіберген. Келтірілген жалпы шығын 130 мың теңгені құрады.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Тэгтер:

жүргізуші Такси жолаушы пәтер тонау