Жыл басынан бері Қазақстанның курорттық аймақтарында 3,8 млн адам демалды

Бүгін, 11:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық аймақтары 3,8 млн келушіні қабылдады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық. Олардың ішінде 16,5% - шетелдік қонақтар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ең танымал курорт аймағы - 2,2 млн адам барған Алматы тау кластері.

Екінші орында - Щучье-Бурабай курорт аймағы - 373,1 мың келуші.

Үшінші орында 308,8 мың адам демалған Маңғыстау курорт аймағы.

Сондай-ақ, бестікке тағы екі танымал аймақ енді - Балқаш туристік аймағы (169,2 мың адам) және Жетісу облысының Алакөл курорт аймағы (147,1 мың адам).

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте курорт аймақтарындағы орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 154,7 млрд теңгені құрады.

 Айта кетейік, Қазақстанның курорттық аймақтарында қонақтарды қабылдайтын 1876 орын бар.

Тэгтер:

Балқаш Бурабай тау кластері курорттық аймақ