5 желтоқсанда Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен сыртқы зорлық белгілерінсіз екі жас адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Алдын ала мәліметтір бойынша, қаза тапқандар – 18 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз. Әлеуметтік желілерде оқиға жалдамалы пәтерде болғаны, ал жастарды үй иесі кілттерді алу үшін келген кезде тапқаны туралы нұсқа тараған. Сондай-ақ алдын ала себеп ретінде дәрі-дәрмекті артық мөлшерде қабылдау мүмкіндігі айтылуда. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін толық көлемде тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр.