Гуанчжоу – Алматы ұшағында жолаушы көз жұмды

Бүгін, 11:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Гуанчжоу – Алматы бағыты бойынша ұшқан рейс жолаушысының қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Көліктегі полиция департаменті бұл мәліметті растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға бойынша Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі — созылмалы ауру.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе – Алматы рейсі кезінде әйел адамның тікелей ұшу барысында қайтыс болғаны туралы хабарланған еді.

Тэгтер:

Ұшақ Рейс жолаушы Гуанчжоу