Абай облысында жол жабылды

Бүгін, 10:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылғы 12 желтоқсан сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 915-1002 шақырымы аралығындағы (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

Абай облысы автожол тасжол трасса