Алматылық блогер жігіттің әрекеті көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Бүгін, 09:42 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде тазалықшы жігіт, блогер Нұрхан Нұрмаханбет жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның әйел адамның киімімен билеп түскен видеосы көпшілікке жақпай қалды.

«Достар, бұл –жай ғана образ. Жаман ойлап қалмаңыздар», – деп жазған блогер.

Желі қолданушыларының бірі әзіл ретінде қабылдаса, бірі ашуға берілгенін жазған.

«Жаман ойлаған бер жағы, жерге кіріп кеттік», «Артық кетті», «Айналайын, бұлай шықпашы! Экрандарда қарапайым фудболкамен шығып жүре берші. Мына жүрісіңді ешкім қолдамайды-ау. Масқара ғой мына журісің», «Осы баланы еңбекқор жақсы бала деп үнемі көріп, мақтап жүруші едім», - деп жазды олар.