Димаш Құдайбергенов ІІ орынды иеленді

Димаш Құдайбергенов ІІ орынды иеленді

Димаш Құдайбергенов ІІ орынды иеленді
ашық дереккөзі
Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a singer халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Димаш Құдайбергенов соңғы үштікте ән салды.  width=  Ақтық сында Димаш қытайлық әнші Шан Вэнжемен Майкл Джексонның төрт әнін орындады. Майкл Джексонның төрт әнін The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song бір композицияда біріктірді. Байқаудың финалы Хабар арнасынан көрсетілуде. Димаштың жақын досы әрі PR-Директоры Алпамыс Шаримовтың хабарлауынша, Димаш екінші орынды иеленген. Ал І орынды гонконгтық әнші Санди Лэм жеңіп алған. Бұл қуанышты жаңалықпен отандық бірқатар ақпарат көздері Қазақпарат агенттігі, tengrinews порталы да бөлісті. https://www.youtube.com/watch?v=LBk4RLnCj20