Алматы облысында қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды

Бүгін, 08:59 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Бүгін түнде Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының жабық жол учаскелерінде боран мен шектеулі көріну жағдайында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Еңбекшіқазақ ауданында Космос – Базаркелді, Қырбалтабай – Ақжал және Бөлек – БАК автожолы бағыттарында ТЖМ құтқарушылары 45 адамды, сонымен қатар 20 жеңіл көлікті және 1 жүк көлігін эвакуациялады.

Іле ауданында Қонаев – Құрты тас жолында қар құрсауында қалған 43 адам (соның ішінде 1 бала) және 20 жеңіл автокөлік құтқарылды.

Барлық азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді.