Астанадағы наубайханада болған жарылыстан төрт адам зардап шекті

11 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Астана қаласы Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған.

Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді.

«Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда», – деді Астана қаласы ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары Әділхан Болатов.

Тэгтер:

Астана өрт