Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды», - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.