Ұлттық құраманың және алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков өз армандары мен алдағы мақсаттары туралы бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.
Спортшы Чемпиондар лигасы матчындағы үздік ойыншы атанған кезіндегі әсерін бөлісті.
«Бұл – команданың еңбегі. Өзіміз де қолдан келгенше жеңіс алып келгіміз келеді. Бұйырмай жатыр. Бұған дейін Пафос клубымен неше рет ойнадық. Алдағы уақытта ұтамыз деген ойдамын. Қазақстанға Чемпиондар лигасының жеңісін алып келгіміз келеді. Қолдан келгенше тырысып жатырмыз», – деді ол.
Сондай-ақ ол алдағы жоспарлары мен арманы туралы айтып берді.
«Еуропаның кез келген клубында ойнағым келеді. Мен үшін айырмашылығы жоқ. Бірақ бала кезімнен Англия премьер-лигасында ойнағанды қалаймын. Еуропада ойнау – кез келген қазақстандық ойыншының мақсаты. Жалпы кішкентай кезінен футболмен айналысқан адамдар Еуропаға аттанып, Қазақстанның туын көтергісі келеді деп ойлаймын. Менің арманым – әлемдегі үздік қақапашылармен бірге бәсекелесу.
Ал Шетелдік клубтарға ауысу туралы мен өзім де білмеймін және сұрамадым.. Директорлар сөйлесіп жатыр. Егер нақты ұсыныс болса айтады. Әзірге ондай ұсыныс келген жоқ. Қазір Алла қаласа ойындарымды жақсы өткізіп алсам, маусым аяқталғанда жаңа жобалармен Қазақтанның дамуына үлес қосамын деп ойлаймын», – деді ол.
Еске сала кетейік, Темірлан Анарбеков 9 желтоқсан күні өткен «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында 8 сейв жасап, UEFA нұсқасы бойынша ойынның үздігі атанды.