Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстан қаласы Ашхабадта болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың бапасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады», - делінген хабарламада.