Павлодар облысының аумағында 11 айда тұрақты тұруға рұқсаты бар 1 280 және уақытша тұруға рұқсаты бар 9 136 шетелдік тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осы кезеңде шетелдіктерге қатысты түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2 001 әкімшілік материал толтырылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 183 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар биыл полицейлер 180 алимент төлемеген борышкерді анықтады. Облыс тұрғындарының 121 758-і жеке куәлік пен паспорттарымен рәсімделді. Жыл басынан бері шетелдіктерге 1 293 виза берілген.
Павлодар облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының миграциялық заңнамасын сақтауға шақырады.