Алматыда кафе қызметкерлері ролик түсіру үшін жолды жауып тастаған

Бүгін, 14:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматыдағы бір кафенің үш қызметкері мекеме үшін жарнамалық бейнеролик түсіру мақсатында мегаполистің қарбалас даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелін үстіне үстел қойып, бөгеп тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың әрекеті көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, ұсақ бұзақылық ретінде сараланды – қоршағандарға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі).

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іс бойынша үш құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Соттың қаулысымен түсірілімге қатысушылар  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – әрқайсына 78 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Алматы видео ролик кафе