Қарағандыдағы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімшесіне қала ұйымдарының бірінің басшылығы ірі көлемдегі ұрлық туралы арыз жазған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеріс барысында кәсіпорыннан бейнепанельдің жоғалғаны анықталып, ұйымға шамам,5 миллион теңге көлемінде материалдық зиян келген.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде полицейлер күдіктінің аталған ұйымның 44 жастағы қызметкері екенін анықтады. Тергеу барысында ер адамның бейнепанель бөліктерін біртіндеп алып шығып, кейін толық жинақталған құрылғыны сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Ол тіпті бірнеше рет интернетке хабарландыру да жариялаған.
Қазір тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданады. Ұрланған бейнепанель тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді.