«Бақытты бол»: Бүркітші Айшолпан тұрмысқа шықты (ФОТО)

Бүгін, 06:23 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды turkystan. kz.

Айшолпан Нұрғайыпқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, той үстінен кадрлар жариялаған.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, бүркітші қызға жарыса бақыт тілеп жатыр.

"Сіңілім бақытты болғайсың! Барған жеріңде бағың жансын", "Бақытты отбасы болыңдар, батыр қыз", "Бақытты бол, бүркітшы қыз", - дейді Айшолпаның оқырмандары.