Түркістан облысында қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

9 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Түркістан облысы ПД

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы ПД жазды.

Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.

«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Түркістан Кентау жаңа туған сәби