300 мыңнан астам қызғалдақ егілді

300 мыңнан астам қызғалдақ егілді

300 мыңнан астам қызғалдақ егілді
ашық дереккөзі
Өздеріңіз білетіндей, қызғалдақ - қаламыздың символы. Сондықтан да бұл гүлдің түрі Шымкентте көптеп егілуі заңды.  Биылғы жылы қалада 320 мың шамасында қызғалдақ егілді. Бұл нәзік көктем гүлі субұрқақ кешендері мен қала көшелерін әшекейлендіріп, қызылды-жасылды алуан түрлі өсімдік қаланың ажарын аша түсті. Шымкентке Польшадан әкелінген қызғалдақтың тұқымын мамандар қаңтар айында отырғызған. Олардың айтуынша, қызғалдақтың тұқымын қыста отырғызу қалыпты тәжірибе, өйткені қар астында жайлы сезінеді. Гүлдің бұл түрі ежелгі парсы аңыздарында мадақталған. Шыққан мекені Парсы елі болып табылатын қызғалдақты әлемге әйгілі еткен Нидерланды мемлекеті.