Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына есеп берді

9 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды.

Тимур Сүлейменов іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

Президент инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.