Семсерлесуші Руслан Курбанов әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

9 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен - Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын).

Кирилл Проходов - 26-шы орын, Никита Жулинский - 42-ші, Александр Федотов - 46-шы, Кирилл Павлов - 64-ші, Вадим Шарлаимов - 85-ші, Эльмир Әлімжанов - 118-ші, Алексей Касаткин - 161-ші, Ерлік Сертай - 180-ші орын алды.

Командалық жарыста Қазақстан 13-ші орынға тұрақтады.