Алматы облысында ауа райына байланысты тағы бір жол жабылды

Бүгін, 07:26 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

ҚазАвтоЖол Алматы облысындағы тағы бір бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

— 2025 жылғы 09 желтоқсан сағат 06:00–де Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, көрінудің шектелуі) байланысты «Алматы–Талдыкорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы» автожолының 25–67 шақырымдары (ААП-Қонаев қаласы) аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, — делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.