Жапониядағы қуатты жер сілкінісі салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы шұғыл брифинг барысында елдің премьер-министрі Санаэ Такаити мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта жеті адамның зардап шеккені туралы ақпарат бар, біз залал жөніндегі ақпаратты нақтылауды жалғастырудамыз", - деді Жапония Министрлер кабинетінің басшысы.
8 желтоқсанда Жапонияда магнитудасы 7,6 болатын жер сілкінісі болды. Ұлттық метеорологиялық басқарманың мәліметінше, оның эпицентрі Аомори префектурасынан шығысқа қарай Тынық мұхитында, ал ошағы 50 шақырым тереңдікте орналасқан.