Facebook президент сайлауы қарсаңында 30 мың аккаунтты бұғаттады

15 сәуір, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Facebook президент сайлауы қарсаңында 30 мың аккаунтты бұғаттады Facebook желісі Францияда 30 мың аккаунтты бұғаттады. Бұл президент сайлауы қарсаңында жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін жасалған. Желі басшылығының өзі жалған есіммен тіркеліп, ақпараттық соғыс жүргізетін алаяқтардың қитұрқы ісінің алдын алуды мақсат еткенін айтты. Бұғатталған аккаунттардың белсенділігі төмендеген. Президент сайлауының алғашқы кезеңі 23 сәуірде, екіншісі 7 мамырда өтеді. Дереккөз: КорреспонденТ