ШҚО-да «Әкімдер мектебі» жобасы аясында 116 ауыл әкімі білім алды

Бүгін, 15:49 / Дана Ізтілеуова
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында елімізде ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды реформалар жүзеге асырылып келеді. Солардың ішінде «Ауыл аманаты» мен ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған «Әкімдер мектебі» жобалары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін беруде. 

Бүгінге дейін ШҚО бойынша 116 ауылдық округ әкімі осы «Әкімдер мектебі» жоба аясында оқытудан өтті.  1 кезеңде – 82 ауылдық округ әкімі, 2 кезеңде – 34 ауыл әкімі біліктілігін арттырды.
Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалында ҚР мемлекеттік басқару академиясы мен облыстық әкімшіліктің өкілдерінен құрылған комиссия алдында 34 жаңадан сайланған әкім өздерінің болжамды инвестициялық жобаларын қорғады. Сондай-ақ, ауыл әкімдері «Ауыл аманаты» жобасының жаңартылған талаптарымен таныстырылды.
Бұл – ауыл әкімдерінің басқарушылық қабілетін күшейтіп, ауылдардағы нақты экономикалық жоспарлауды жолға қоюға мүмкіндік беретін маңызды процесс.

«Ауылдардың дамуы – елдің тұрақты экономикалық өсімінің негізгі тірегі. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кооперативтер құру арқылы жергілікті экономиканы күшейтуге нақты мүмкіндік беріп отыр. Ал «Әкімдер мектебі» – ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыратын, оларды жаңа форматтағы экономикалық жоспарлауға бейімдейтін маңызды алаң. Өткен шара Шығыс Қазақстан облысында әкімдердің оқуға деген қызығушылығы жоғары екендігін көрсетті. Әрбір әкім өзінің округіне нақты экономикалық даму бағдарламасын әзірлеп, ауылдағы басты мәселелерге тиімді шешім ұсынуда. Біз бұл жұмыстарды аймақта жүйелі түрде жалғастырып, ауылдардың дамуына серпін беруді басты міндетіміз деп санаймыз», – деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нуркенов.

«Ауыл аманаты» және «Әкімдер мектебі» жобалары – ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа архитектурасын қалыптастыратын стратегиялық бастамалар. 
Бұл жобалар:
•    халықтың табысын арттыруға,
•    ауыл кәсіпкерлігін дамытуға,
•    инфрақұрылымды жаңғыртуға,
•    жаңа жұмыс орындарын ашуға,
•    ауыл экономикасын цифрлық және аналитикалық тәсілдермен жоспарлауға тікелей ықпал етеді.

Тэгтер:

«AMANAT» партиясы «Әкімдер мектебі»