Шерзат Полаттың сотында танылған прокурор төсбелгімен марапатталды

Бүгін, 15:38 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Шерзат Полаттың ісі бойынша танылған прокурор Дана Сәрсенбай "Үздік мемлекеттік айыптаушы" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған марапат 6 желтоқсан – Прокуратура күніне орай Бас прокурордың бұйрығымен берілген. 

«Бас Прокурордың бұйрығымен «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен мараптталдым. Ата-анамның маған сіңірген еңбегі ақырындап өз жемісін беріп жатыр», - деп жазды Дана Сәрсенбай.