Астанада үш қабатты ғимарат өртеніп кетті

8 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
112

Астана қаласы Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесіндегі жұмыс істемейтін үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалын сондай-ақ ғимаратқа жапсарлас салынған жұмыс істемейтін кафе аумағына және ғимараттың сыртқы қаптамасына тараған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған жүк көлігі де зақымданған.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ», – делінген хабарламада.

Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.