iPhone-ның жаңа үлгісінде 3D-камера болады
iPhone-ның жаңа үлгісінде 3D-камера болады
Соңғы мәліметтер бойынша iPhone смартфонының жаңа үлгісінде 3D-камера (алдыңғы панель) мен Touch ID (артқы панель) тетігі болады.
Биыл, яғни, 2017 жылы Apple компаниясы смартфонның 3 түрлі үлгісін жасап шығармақ. Олар: iPhone 7- нің жетілдірілген 2 нұсқасы және смартфонның 10 жылдығына орай жасалатын ерекше дизайндағы жаңа өнім. Алдыңғы панелінде 3D-камера болатын жаңа телефон iPhone 7- нің жетілдірілген 2 нұсқасынан кейін шығарылады деп жоспарланып отыр. Бұл жаңа өнімнің тағы 3 гигабайт оперативті жады мен сымсыз қуаттандыруға мүмкіндік беретін артықшылықтары болады. Сондай-ақ, жаңа iPhone смартфонының камерасы бұрынғы орнын өзгертуі мүмкін.