Pinduoduo арқылы ойыншыққа тапсырыс берген қазақстандық отбасыға тірі тасбақалар келген

8 желтоқсан, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

Қазақстандық отбасы қытайлық Pinduoduo маркетплейсінен ойыншық тасбақаларға тапсырыс берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар кәдімгі пластик ойыншықтар келеді деп ойлаған. Алайда сәлемдемені ашқан кезде балалар шошып кеткен – қораптың ішінде тірі тасбақалар болған, олар балалардың қолында қимылдай бастаған.

Бұл жағдай бірден әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

«Бұлай істеуге бола ма, бұл — қатыгездік», «Сатушылар тірі тасбақаларды жіберіп отырғанын білген шығар, бірақ олар жолды аман өтеді деп кім ойлаған», «Қабығындағы бояуды дереу кетіру керек, әйтпесе тасбақалар өскен сайын ол оларға зиян келтіреді», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Тэгтер:

Қытай тасбақа тапсырыс ойыншық